Ақтау қаласында тамыз айында мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында тамыз айында Абай күні, Каспий күні және Жастар күніне орай тұрғындар мен қала қонақтарына арналған бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады.

10 тамыз күні сағат 10:00-де қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының рухына тағзым ету рәсімі өтеді. Іс-шара барысында ақын мұрасына құрмет көрсетіліп, ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылады.

Өтетін орны: 4-шағынаудан, Абай ескерткіші.

10 тамыз күні сағат 19:00-де «Абай мұрасы – ұлттың рухани қазынасы» атты ашық микрофон кеші ұйымдастырылады. Еркін форматта өтетін кездесуде қала тұрғындары мен жастар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып, ақынның рухани мұрасы туралы ой-пікірлерімен бөлісе алады.

Өтетін орны: 15-шағынаудан, «Амфитеатр» алаңы.

12 тамыз – Жастар күніне орай сағат 19:00-де «Ел ертеңі – жастар» атты мерекелік концерт өтеді. Мәдени кеш барысында жергілікті өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен әсерлі мерекелік бағдарлама сыйлайды.

Өтетін орны: 4А-шағынаудан, «Жартасты соқпақ» алаңы.

14 тамыз – Каспий күніне орай сағат 19:00-де «Армысың, Каспий, бабамның бағы көзіндей» атты шығармашылық концерт ұйымдастырылады. Концертте Каспий теңізінің табиғаты мен маңызын дәріптейтін әндер шырқалып, көрермендер назарына мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылады.

Өтетін орны: 15-шағынаудан, «Амфитеатр» алаңы.

Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарын аталған мәдени іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз. Барлық іс-шараларға кіру – тегін.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1270975?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді