Ақтауда орталық автомобиль жолдарын жуу жұмыстары ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелі әрі ауқымды шара кезекті рет ұйымдастырылды. Арнайы жол жууға арналған техникалар ала таңнан бастап қала көшелеріне шығып, орталық автомобиль жолдарын кезең-кезеңімен жуып өтті.

Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – жол бойында жиналған шаң-тозаңды азайтып, көшелердің тазалығын қамтамасыз ету, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыру. Жол жуу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп, қаланың санитарлық тазалығын сақтау бағытындағы кешенді жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1270973?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді