Астанадағы «Зерде» мектебінің түлектері толығымен оқу грантына ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанадағы №9 «Зерде» мектебінің биылғы 65 түлегінің барлығы жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік беретін гранттарға ие болды. Олардың 42-сі мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осылайша, мектеп түлектерінің грантқа түсу көрсеткіші 100 пайызды құрады.
Мектеп түлектері еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарымен қатар, Назарбаев Университетіне, ұлттық жоғары оқу орындарына және әлемнің ТОП-50 университеттеріне оқуға түсті.

Мектеп ұжымының айтуынша, бұл жоғары нәтиже – оқушылардың жүйелі дайындығы мен ұстаздардың кәсіби еңбегінің нәтижесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1271036?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді