
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері экологтармен және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, қоғамдық орындарда кең көлемді тазалық жұмыстарын жүргізді. “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасына қарасты табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің қызметкерлері экология департаменті мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мекемесінің мамандарымен бірлесіп, ауқымды экологиялық іс-шара өткізді.
Акция барысында жеке кәсіпкерлік нысандарының аумақтары, көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары және қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызы түсіндіріліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара кезінде базар аумағындағы санитарлық жағдайға ерекше көңіл бөлінді. Бұрын ретсіз саудамен айналысқан азаматтардың бүгінде арнайы сауда орындарын жалдап, кәсіпкерлік қызметті заң талаптарына сәйкес жүргізіп жатқаны атап өтілді. Кәсіпкерлер мен тұрғындар өңірдегі тазалық жұмыстарына оң бағасын беріп, қоғамдық тәртіп пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстар үшін полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Полиция табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін еске салады. Қоршаған ортаның тазалығы – қоғамның экологиялық мәдениетінің көрсеткіші ғана емес, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің де айқын көрінісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1270953?lang=ru

Жауап қалдыру