
Comic Con Astana 2026 халықаралық фестивалі алаңында келушілер арасында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кезекті профилактикалық акция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Акцияны Астана қаласы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қала әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Фестиваль қонақтарына интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, жеке деректерді қорғау ережелері және цифрлық ортадағы қауіпсіз туралы түсіндірілді. Қатысушыларға банк деректемелерін, SMS-кодтарды және басқа да құпия ақпаратты бөгде адамдарға бермеу, сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеу қажеттігі ескертілді.
Ұйымдастырушылар есірткіге тәуелділік пен есірткі қылмысының алдын алу мәселесіне де ерекше назар аударды. Еріктілер тыйым салынған заттардың зияны, оларды сақтау мен таратқаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасөспірімдерді құқыққа қайшы әрекеттерге тарту қаупі туралы айтып берді.
Акция барысында фестиваль қонақтарына киберқауіпсіздік шараларын сақтау, алаяқтықтың алдын алу және есірткінің таралуына қарсы іс-қимыл бойынша ұсынымдар қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылды.
Іс-шараға елорда тұрғындарына жақсы таныс Тәртіпбек пен Тазабек маскоттары да қосылды.
Comic Con Astana фестивалі жыл сайын мыңдаған жас пен жасөспірімнің басын қосады. Осындай ірі жастар алаңдарында профилактикалық жұмыс жүргізу құқықтық және цифрлық сауаттылықты арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
#заңментәртіп #законипорядок

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1271026?lang=ru

Жауап қалдыру