«Таза Қазақстан»: Ақтауда тазалық талаптарын сақтамаған құрылыс компаниясы жауапкершілікке тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала аумағында санитарлық тазалық талаптарының сақталуына мониторинг жүргізілді. Тексеру барысында 18-шағын ауданда орналасқан «Nova» тұрғын үй кешенінің маңынан құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қоқыс үйінділері анықталды.

Аталған құқық бұзушылыққа байланысты құрылыс салушыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар заң бұзушыға аумақты қысқа мерзімде толық тазарту міндеті жүктелді.

– Қала аумағының тазалығы мен санитарлық жағдайын сақтау – әрбір тұрғын мен кәсіпкердің ортақ жауапкершілігі. Құрметті кәсіпкерлер, қаламыздың тазалығы мен көркеюіне бірлесіп үлес қосайық, – деді Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Сайлаубаев.

Алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы мониторингтік іс-шаралар тұрақты түрде жалғасады. Заң талаптарын бұзған жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1270970?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді