
Мереке Тобыл кентінің тұрғындары мен қонақтарын, теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлерін, еңбек ұжымдарының өкілдерін және жастарды бір алаңға тоғыстырды. Салтанатты шара барысында құттықтаулар айтылып, кенттің және теміржол саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.
Мерекелік кештің көркін ауданның шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары өздерінің әсерлі вокалдық және хореографиялық қойылымдарымен айшықтады. Ізгі тілектер теміржол саласының ардагерлеріне және күнделікті адал еңбегімен Тобылды көркейтіп, гүлденуіне үлес қосып жүрген барша азаматтарға арналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1271022?lang=ru

Жауап қалдыру