Жыл басынан бері Алматы метросында 300-ден астам тыйым салынған зат тәркіленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы метрополитені қоғамдық көліктің ең қауіпсіз түрлерінің бірі болып қала береді. Күн сайын оның қызметін 110 мыңнан 130 мыңға дейін жолаушы пайдаланады. Сондықтан қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.

Жыл басынан бері тексеру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері метро аумағына тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 310 азаматты анықтады. Заңсыз айналымнан 29 пышақ, кастетке ұқсас 62 зат және 4 оқ-дәрі тәркіленді.

Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында метро станцияларында заманауи бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Қазіргі таңда 604 бейнекамера орнатылған. Олардың бір бөлігі нақты уақыт режимінде тұлғаны тану функциясымен жабдықталған.

«Метрополитендегі қауіпсіздік – барлығымызға ортақ жауапкершілік. Жолаушыларды белгіленген ережелерді сақтауға, тыйым салынған заттарды алып өтпеуге және күмәнді заттар мен заңға қайшы әрекеттер туралы полиция қызметкерлеріне немесе метро қызметкерлеріне дереу хабарлауға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында әрбір жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз», – деді Метрополитендегі полиция басқармасының бастығы Орал Ахимов.

Алматы қаласының полициясы метрополитенді пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік талаптарын сақтау барлық жолаушының тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі екенін еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1271047?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді