
📌Жазатайым оқиға тергелуде
✅2026 жылғы 4 тамызда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында «Қазақтелеком» АҚ Сервистік Фабрика филиалының КҚЦ 6-разрядты көлік (арнайы техника) жүргізушісі Т. А.Ахмадовичпен өлімге әкеліп соққан жазатайым оқиға орын алды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
🖇️Тергеп-тексеру барысында оқиғаның нақты мән-жайлары мен себептері, сондай-ақ оның туындауына әсер етуі мүмкін факторлар анықталуда. Оқиғаға қатысты қажетті құжаттар зерделеніп, тиісті тұлғалардан түсініктемелер алынуда.
🔎Тергеп-тексеру нәтижесінде жазатайым оқиғаның себептері мен оған жауапты тұлғалар анықталып, қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қосымша ақпарат ұсынылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1271215?lang=ru

Жауап қалдыру