
Тексеру іс-шаралары барысында алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы, атап айтқанда: лицензиясыз және тауарларға ілеспе жүкқұжаттарсыз алкоголь өнімдерін өткізу және контрафактілі темекі өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері анықталды.
Тексеру нәтижесінде заңсыз айналымнан:
30 397 бөтелке және 1 650 литр алкоголь өнімі;
сәйкестендіру құралдары жоқ 270 қорап контрафактілі темекі өнімі тәркіленді.
Анықталған барлық фактілер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, ведомстволық бағыныстылығы бойынша соттың қарауына жолданды.
Бір жеке кәсіпкерге қатысты лицензиясыз алкоголь өнімдерін ірі көлемде айналымға шығарғаны бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.
Абай облысы бойынша МКД алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналымының жолын кесу мәселелері тұрақты бақылауда екенін атап өтеді.
Заңдылықты қамтамасыз ету, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және заңсыз өнімнің сатылуына жол бермеу мақсатында бақылау іс-шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1271097?lang=ru

Жауап қалдыру