Астанада дрондар кабинетін ұйымдастыру тәжірибесі қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ерлан Байболат Бейсенұлын Астана қаласына жұмыс сапары барысында «Barys Dynamics School» басшысы Айнагүл Балтабековна Рахметована мектеп базасында ұйымдастырылған дрондар кабинетінің жұмысымен таныстырды.

Сапар барысында дрондарды басқару бойынша оқу-жаттығу процесі, кабинеттің материалдық-техникалық жарақтандырылуы және практикалық оқыту мүмкіндіктері зерделенді. Сондай-ақ дрон технологияларын білім беру және азаматтық қорғау салаларында тиімді пайдалану бағыттары талқыланып, дрон технологияларын қолданудың тиімділігіне ерекше назар аударылды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша дрондарды қолдану тәжірибесін өңірде дамыту, тиісті материалдық-техникалық мүмкіндіктерді жетілдіру және мамандардың практикалық дағдыларын арттыру бағыттары айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1271815?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді