
Қостанай ауданында ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған жоба жалғасуда. Жобаны Қостанай облысының психологтар қауымдастығы қоғамдық қоры аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асыруда.
Бүгін облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Руслан Мұрзағалиев Қостанай ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің ұжымымен кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы – бүгінгі күннің өзекті қауіптерінің бірі саналатын деструктивті діни ұйымдарға интернет арқылы адамдарды тарту мәселесі болды.
Кездесу барысында спикер әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы әрекет ететін үгіттеушілердің жұмыс тәсілдері, олардың сенімге кіру және адамдарды деструктивті топтардың қатарына тарту үшін қолданатын психологиялық әдістері туралы айтып берді. Сондай-ақ, манипуляция жасау әрекеттерін дер кезінде байқауға мүмкіндік беретін белгілерге және мұндай қауіптердің алдын алудың тиімді жолдарына ерекше назар аударылды.
Қатысушылар ақпаратты сыни тұрғыдан бағалаудың, цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтаудың және интернетте күмәнді байланыстар туындаған жағдайда құзыретті мамандардан дер кезінде кеңес алудың маңыздылығын талқылады.
Осындай кездесулер қоғамның діни экстремизм идеологиясына қарсы тұру қабілетін нығайтуға, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыруға және цифрлық кеңістікте қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-audany-akimat/press/news/details/1271104?lang=ru

Жауап қалдыру