
Талдықорған қаласының полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Полиция қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру әңгімелерін өткізіп, алаяқтарды қалай тануға, жеке деректер мен қаражатты қалай қорғауға болатыны жөніндегі ұсынымдар қамтылған ақпараттық жадынамалар таратты.
Бүгінде алаяқтар әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді және телефон қоңырауларын пайдаланып, өздерін банк, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері ретінде таныстыруда.
Полиция ескертеді: SMS арқылы келген кодтарды, банк картасының деректері мен құпиясөздерді ешкімге айтпаңыз. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз.
Сақ болыңыз! Бір сәттік қырағылық сізді елеулі қаржылық шығыннан сақтап қалуы мүмкін.
Жетісу облысының полициясы әрбір тұрғын интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлерді біліп, оларға қарсы тұра алуы үшін профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1271450?lang=ru

Жауап қалдыру