
Құрметті жүргізушілер мен аудан тұрғындары!
2026 жылғы 10 тамыз күні сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін КХ-72 «Абай–Шардара» автомобиль жолының Бірлік ауылдық округіне қарасты Бірлік елді мекені тұсында жол қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Шектеу «Қазақстан темір жолы» тарапынан автомобиль жолының үстінен теміржол өткелін жүргізу жұмыстарына байланысты енгізіледі.
Абай – Лесбек батыр (Жаңадәуір) – Шардара бағыты арқылы жүруге болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1271415?lang=ru

Жауап қалдыру