Маңызды реформалар мен мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға бағытталған арнайы пікірталас

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кент әкімдігінің қызметкерлері арасында елдегі маңызды реформалар мен мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға бағытталған арнайы пікірталас өтті.

​Жиынның негізгі тақырыптары:

🔹 Жаңа Конституция және мемлекеттік қызмет: Мемлекеттік қызмет туралы жаңартылған заңнаманың нормалары, мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен тиімділігін арттыру бағыттары талқыланды.

🔹 «Адал азамат» қағидасы: Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында болуы тиіс кәсібилік, жауапкершілік пен отаншылдық қасиеттері сөз болды.

🔹 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: Әдеп нормаларын қатаң сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және халыққа адал әрі мінсіз қызмет ету — әрбір қызметкердің басты міндеті екені баса айтылды.

​Пікірталас барысында әкімдік мамандары өз ой-пікірлерімен бөлісіп, практикада кездесетін түйткілді сұрақтарды ортаға салды. Шыншылдық, әділдік пен халыққа жақын болу — біздің жұмысымыздың негізгі темірқазығы болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1271426?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді