Мүгедек жандардың құқығын қорғау комиссиясы “Тең мүмкіндіктер” семинар-кеңесі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Тең мүмкіндіктер» семинар-кеңесіне Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ.М. Айдархан қатысып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндірді.

 

Семинар барысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметін ұйымдастыру, лицензия алу тәртібі, сондай-ақ қызмет көрсетушілерге қойылатын негізгі талаптар кеңінен түсіндірілді.

 

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №230 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидалары» талаптарына ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1271681?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді