ПОЛИЦИЯ ЕСКЕРТЕДІ: МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК ТІЗГІНІНЕ ОТЫРМАҢЫЗ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қонаев қаласында полиция қызметкерлері бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің алкогольдік масаң күйде көлік басқару фактісінің жолын кесті.

Анықталғандай, 35 жастағы ер адам алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін өз автокөлігінің тізгініне отырған. Бұған дейін ол көлікті мас күйінде басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Қозғалыс барысында автокөлікті патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқан. Медициналық куәландыру жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Аталған факті бойынша қылмыстық заңнама аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Полиция көлікті алкогольдік масаң күйде басқару жүргізушінің өз өмірі мен денсаулығына ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына нақты қауіп төндіретінін ескертеді.

Алкоголь ішкеннен кейін көлік тізгініне отырмаңыз. Бір ғана ойланбай қабылданған шешім қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1271375?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді