
Қарағанды облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Esbol Qory» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Кездесу MeetUp форматында өтіп, жастар саясатын дамыту, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және жастарға арналған бастамаларды қолдау мәселелері талқыланды.
Іс-шара аясында Қарағанды облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Esbol Qory» қоғамдық қоры өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асырып, жастардың әлеуетін арттыруға және өңірдегі жастар саясатын дамытуға бағытталған жұмыстарды бірге атқаруға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar/press/news/details/1271716?lang=ru

Жауап қалдыру