
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ өңірдегі автожолдардағы жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында 10–12 тамыз аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаменті.
Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда барынша мұқият болуға, Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға және жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігіне байланысты екенін ұмытпауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1271641?lang=ru

Жауап қалдыру