
Қазан, 2026 жылғы 10 тамыз – Қазақ философы, ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 181 жылдығына орай Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулдығының өкілдері мен қазақ қауымы оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов сөз сөйлеп, Абай шығармаларының негізгі тақырыбы – адамгершілік пен ізгілік мәселелері екенін атап өтті. Абай мұрасы бүгінгі және келер ұрпақтардың рухани мұраттарын қалыптастырып, шабыттандыра беретіні, оның Қазақстан қоғамы үшін өзектілігі мен маңыздылығы жоғары екендігі айтылды.
Гүл шоқтарын қою рәсімі – ұлттық әдебиет, философия және білім саласын дамытуға қосқан орасан үлесін мойындау әрі оның келер ұрпаққа аманат еткен адамгершілік құндылықтарына деген құрметтің белгісі болды.
Абай күнін мерекелеу қазақ және татар тілдерінде өлең оқып, ән шырқаумен жалғасты.
2024 жылы Назарбаев пен Качалов көшелерінің қиылысында бюст орнатылып, Қазақстан мен Татарстан арасындағы достық пен мәдени байланыстың айрықша белгісіне айналды. Бюсттің авторы – Қазақстанның танымал мүсіншісі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Нұрбол Қалиев.
1955 жылдан бастап Қазан қаласының бір көшесі Абай Құнанбаев атын иеленді, 2024 жылы Қазан федералды университетінің Филология және мәдениетаралық коммуникация институты жанынан Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениетінің ғылыми-білім беру орталығы ашылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1271372?lang=ru

Жауап қалдыру