
Қорғалжын тасжолының «Рубеж» бекетінен №128 көшеге дейінгі аралықта орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғанын хабарлаймыз. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 8 тамызы мен 10 қыркүйек аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uad/press/news/details/1271663?lang=ru

Жауап қалдыру