Руханият пен тәртіп: Түркістан полициясы Абай күнін ерекше атап өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Түркістан облысында полицейлер 10 тамыз – Абай күніне орай рухани-танымдық іс-шара өткізді. ҚР ІІМ-нің “Заң мен Тәртіп” идеологиясын ілгерілету, “Адал азамат” қағидаттарын жүзеге асыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған шараға 200-ден астам полиция қызметкері қатысты. 

Абайдың шығармашылығы және “Заң мен тәртіп” тақырыбындағы іс-шараға арнайы шақырылған қонақ – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның құрметті азаматы, Түркі әлемінің үздік педагогы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері Сейдулла Садықов қатысты. Ғалым Абай шығармашылығының терең мәні мен тағылымдық маңызына тоқталып, ұлы ақынның еңбектеріндегі адамгершілік, білім, еңбек және елге қызмет ету идеялары туралы мазмұнды баяндама жасады.

Шара барысында полиция қызметкерлері де өнерлерін ортаға салды. Абайдың өлеңдері мен қара сөздері оқылып, ақынның әндері шырқалды. Атап айтқанда, полиция қызметкері Тойсұлу Нартай Абайдың 31-қара сөзін оқыса, Бекзат Асанхан “Ғылым таппай мақтанба” өлеңін орындады. Іс-шара жеке құрам арасында ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу, Абай мұрасын кеңінен насихаттау және қызметкерлердің мәдени-эстетикалық тәрбиесін арттыруға бағытталды. Кездесу ұлы ақынның “Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға” деген тағылымды сөзімен қорытындыланды. Бұл өсиет – ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті күзетіп жүрген әрбір полиция қызметкерінің жауапкершілігі мен адал еңбегіне үндесетін ұстаным.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1271899?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді