Шығыс Қазақстанда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстанда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

10-12 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолдағы апаттылық деңгейін төмендету, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтардың жолын кесу.

Іс-шара барысында ШҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысына бақылауды күшейтті. Әсіресе белгіленген жылдамдықты асыратын, қарсы бағытқа шығатын, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту тәртібін бұзатын, сондай-ақ көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланатын жүргізушілерге ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар жолаушылар мен балаларды тасымалдау талаптарының сақталуы, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану, көліктердің техникалық жағдайы және мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің болуы тексеріледі.

Полиция қызметкерлері бақылау жұмыстарымен қатар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңызын еске салады.

ШҚО полициясы жол қозғалысына қатысушыларды барынша мұқият болуға, белгіленген жылдамдық тәртібін сақтауға, қауіпті маневрлерге жол бермеуге және жолдағы өзге де қатысушыларға құрметпен қарауға шақырады.

Жол қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігінен басталады!

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1271563?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді