ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП, ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ МЕКТЕП ДАЙЫНДЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚАЗЫҒҰРТ: ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП, ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ МЕКТЕП ДАЙЫНДЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен жауапты мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тазалық жұмыстарына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда:
1️⃣Қазығұрт ауылында “Таза Қазақстан” бағдарламасының жүзеге асу барысы туралы;
2️⃣Ауыл округтерінде ілінген баннерлердің жағдайы туралы;
3️⃣Аудан аумағынлағы жол белгілері мен жол кедергілерінің жай-күйі және бейнебақылау камераларының жағдайы туралы;
4️⃣Мектептердегі ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары мен мекеме басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді таныстырды.
Аппарат мәжілісінде аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы әрбір бағыт бойынша нақты нәтижеге қол жеткізу қажеттігін атап өтіп, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуын қамтамасыз ету, сыртқы көрнекі ақпараттарды ретке келтіру, жол қауіпсіздігін күшейту және мектептердегі жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтау мәселелерін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Сонымен қатар берілген тапсырмалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді және атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша нақты есеп беруді міндеттеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1271703?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді