
Теория мен тәжірибе тоғысқан кездесу
Yessenov University жанындағы «Заң мен тәртіп» жобасы аясында құрылған Заң клиникасында тәжірибелі нотариус Бокаева Айкүн Майрамбайқызымен кәсіби кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында нотариат қызметінде жиі кездесетін құқықтық жағдайлар, нотариустың азаматтық айналымдағы рөлі, нотариаттық іс-әрекеттерді рәсімдеу ерекшеліктері және құқықтық тәжірибеде маңызды орын алатын мәселелер талқыланды.
Іс-шара еркін пікір алмасу форматында өтіп, студенттер тәжірибелік қызметке қатысты өз сауалдарын қойып, нотариустың кәсіби тәжірибесіне негізделген құнды кеңестер алды. Мұндай кездесулер болашақ заңгерлердің құқықтық ойлау қабілетін дамытып, кәсіби қызметтің қыр-сырын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1271244?lang=ru

Жауап қалдыру