
TikTok-та балағат сөздер айтқан азамат 5 тәулікке қамалды
«TikTok» әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде көпшілік алдында балағат сөздер айтып, әдепсіз мінез-құлық көрсеткен азамат полиция назарына ілікті.
Тексеру барысында «Тау адам» лақап атымен тіркелген аккаунттың Тараз қаласының тұрғыны Салихов Абзал Курмашовичке тиесілі екені анықталды.
Сот шешімімен азамат кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1271195?lang=ru

Жауап қалдыру