«Ұлытау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Ұлытау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Жезқазған қаласы                                                                      06.08.2026 жыл

 КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

«Ұлытау ​​облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (одан әрі – басқарма) басшысының 2026 жылғы 8 маусымдағы «Ұлытау ​​облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №13 бұйрығының негізінде 2026 жылғы 25 маусым мен 6 тамыз аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау Қазақстан Республикасының Конституциясына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалармен, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының 2021 жылғы 7 сәуірдегі, Басқарма басшысының 2026 жылғы 8 маусымдағы №13 бұйрығының негізінде сәйкес жүргізілді.

Басқарманың негізгі қызметі:

Басқарма өз қызметінде Ұлытау ​​облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 25/01 қаулысымен бекітілген «Ұлытау ​​облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені; Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №97 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Еңбек кодексі, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі және өзге де Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілері; Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілері; Ұлытау облысы әкімдігінің актілері, сондай-ақ Басқарманың қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Өткізу кезеңі: 2026 жылғы 25 маусымнан бастап 6 тамызға дейін.

Талданатын кезең: 2026 жылғы 25 маусымнан бастап 6 тамызға дейін.

Кіріспе бөлім.

         ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

Персоналды басқару

Басқарма

Басқарманың штаттық құрылымында – 6 бірлік (мемлекеттік қызметкер). Нақты – 5. Басшы – 1, бөлім басшысы – 1, бас маман-бухгалтер – 1, бас маман – 2. Бос жұмыс орыны – 1 (бас маман).

Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері салық органдарына мүліктік сипаттағы кірістер мен міндеттемелер туралы мәліметтерді уақтылы ұсынады (декларацияларды тапсыру туралы хабарламалардың көшірмелері бар).

Барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді, жоғары білімі бар және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес лауазымды адамдар үшін белгіленген міндеттермен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен және тыйымдармен таныстырылды.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 1-бабының 17) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық мүдделер қақтығысы болып табылады, бұл ретте мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері оның өз лауазымдық өкілеттіліктерін орындамауына немсе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін.

Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары туралы» № 97 бұйрығына сәйкес басқарма тарапынан 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  • миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу;
  • діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасатын жерін келісу;
  • ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру;
  • үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру.

         2025 және 2026 жылғы қаңтар айынан тамыз айы аралығында Басқармамен 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

  • миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеу және қайта тіркеу – 4,
  • діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуын келісу – 2,
  • діни ғимараттар (құрылыстар) салу туралы шешім шығару, олардың орналасқан жерін анықтау – 0,
  • үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру – 0.

        Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз және (немесе) электронды түрде.

Қызмет көрсету тәртібі мен мерзімін бұзу фактілері анықталған жоқ. Қызмет алушылардан көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша шағым түсу фактісі тіркелмеген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға  тегін көрсетіледі. Басқарма қызметінде жасырын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жоқ.

Мемлекеттік органның ашықтығы.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, ашықтық пен ашықтық қағидатын іске асыру мақсатында басқарма сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Мемлекеттік қызметтер», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс», «кадрлық қамтамасыз ету» және т.б. бөлімдерде ақпарат орналастырылған.

Басқарманың қызметі оның ішкі құжаттарында, сондай ақ мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде есептік деректерді қоса отырып көрстеліді.

Сонымен қатар, сенім телефоны туралы ақпарат, сондай-ақ азаматтарды қабылдау кестесі көпшілікке қолжетімді орындарды орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында Басқарма сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Басқарма басшысының бұйрығымен құзіретіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі функциялар кіретін жауапты тұлғалар айқындалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі саясатты нығайту үшін түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша материалдар мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісм-қимыл туралы» ҚР Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілері орын алмаған.

         Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдер:

          Бюджет қаражатын жоспарлау және игеру.

          2025 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатын игеру 100%-ды құрады.

          Қаржы-шаруашылық қызметіне ішкі талдау жүргізіліп, қайталама төлемдердің орын алуына ықпал еткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен ішкі бақылау рәсімдеріндегі әлсіз тұстар айқындалды.

          Атап айтқанда, төлем құжаттарын келісу және төлемдерді жүзеге асыру кезінде бақылаудың жеткіліксіздігі, бухгалтерлік құжаттарды салыстырып тексерудің тиісті деңгейде жүргізілмеуі тәуекел факторы ретінде белгіленді.

          «LiNiKa» ЖК-не 33 000 (отыз үш мың) теңге және Караванова Е.В. ЖК-не 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде ақша қаражатының қайталап аударылғаны расталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Караванова Е.В. ЖК 2026 жылғы 29 қаңтардағы №15 төлем тапсырмасы, ал «LiNiKa» ЖК 2026 жылғы 2 ақпандағы №29 төлем тапсырмасы негізінде артық аударылған қаражатты толық көлемде бюджетке қайтарды. Нәтижесінде жалпы сомасы 83 000 (сексен үш мың) теңге бюджетке толық көлемде қалпына келтірілді.

          Аталған тәуекелдерді жою мақсатында төлем құжаттарын келісу және төлемдерді жүзеге асырудың ішкі тәртібі күшейтіліп, қосарланған бақылау тетігі енгізілді, төлем тапсырмаларын алдын ала салыстырып тексеру міндетті рәсім ретінде бекітілді. Сондай-ақ жауапты қызметкерлердің дербес жауапкершілігі күшейтіліп, қаржы тәртібінің сақталуына тұрақты ішкі мониторинг жүргізу қамтамасыз етілді.

          Осылайша, анықталған қаржылық бұзушылықтың салдары толық көлемде жойылып, мемлекетке келтірілген залал өтелді, ал болашақта осындай фактілердің қайталануына жол бермеу мақсатында ұйымдастырушылық және профилактикалық сипаттағы кешенді шаралар қабылданды.

          2025 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатын игеру 100%-ды құрады. Қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жоғары көрсеткішке қол жеткізілді және жоспарлау жөніндегі жұмыстың тиісті деңгейін, оның уақытылы орындалуын көрсетеді.

         Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар:

          «Ұлытау облысының дін істері басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша тұрақты негізде бақылау жүргізсін;

  Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша дін істері саласындағы көрсетілген тәуекелдерді жою үшін уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізсін;

  Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV заңдарын және басқа да заңнамалық актілер мүлтіксіз сақталсын;

  Басқарма қызметіне қатысты қолданыстағы заңнамаға сыбайлас жемқорлық үшін ағышарттар туғызатын қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды жою тұрғысынан тұрақты талдау жүргізілсін;

  Талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері Басқарманың ашық интернет-ресурстарында жариялансын.

  Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде ұсынымдардың орындалуын мониторингтеуді және бағалауды жүзеге асырсын. 

Ұлытау облысы

дін істері басқармасының

бөлім басшысы                                                                        Н. Ғайниден 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-din/press/news/details/1271226?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді