Зейнетақы жинақтарын тұрақты қалыптастырып жүрген қазақстандықтардың саны артып келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда азаматтардың болашақ зейнетақысына деген жауапкершілігі жылдан-жылға артып келеді. Көпшілік зейнетақы жинағын қартайған шақтағы тұрмыс деңгейіне ықпал ететін ұзақ мерзімді жеке қаржысы ретінде қабылдай бастады.

Мұны зейнетақы жинақтарының қарқынды өсуінен, халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне кеңінен тартылуынан, жарналарды тұрақты төлейтін азаматтар санының артуынан және аударымдардың жүйелі жүргізілуінен байқауға болады. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары 28,09 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 4,08 трлн теңгеге немесе 17%-ға өсті.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуын көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі – зейнетақы шоттары санының тұрақты артуы. 2026 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ-да 18,78 млн зейнетақы шоты бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,11 млн-ға немесе 6,3%-ға көп.

Толық ақпарат enpf.kz сайтында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-astana/press/news/details/1271730?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді