Жасанды интеллект – сайлау жүйесінің тиімділігін арттырудың жаңа мүмкіндігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Жамбыл жоғары политехникалық колледжі ғимаратында орналасқан ІТ алаңында болып, сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында Мұхтар Тілдәбекұлына Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының «ЖИ арқылы ашық дереккөздерді талдау» жобасы таныстырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыру және жасанды интеллектіні мемлекеттік басқарудың барлық саласына кеңінен енгізу жөнінде стратегиялық міндеттер қойып отыр. Президент атап өткендей, жаңа технологиялар – уақыт талабы әрі мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырудың маңызды құралы.
Сайлау жүйесі – мемлекеттік басқарудың ажырамас және аса маңызды институттарының бірі. Сондықтан бұл салада да цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану – заман талабы.
Жоба аясында ашық дереккөздердегі ақпаратты жасанды интеллект көмегімен талдау, жүйелеу және жедел өңдеу мүмкіндіктері көрсетілді. Бұл өз кезегінде сайлау органдарының жұмысын жетілдіруге, ақпаратпен жұмыс істеудің тиімділігін арттыруға және заманауи технологияларды тәжірибеге енгізуге бағытталған.
Жобамен танысқаннан кейін Мұхтар Тілдәбекұлы өз пікірін білдіріп, бастаманың өзектілігіне тоқталды.

Цифрландыру – уақыт талабы. Ал жасанды интеллект – болашақтың емес, бүгінгі күннің технологиясы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1271825?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді