Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 10 тамызында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Ж. Ураков Атырау қаласында орналасқан «Қазақстан Темір жолы» АҚ-ның «ҚТЖ ҰҚ» АҚ-ның Атырау магистральдық желі бөлімшесінде орын алған жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.
Комиссия мүшелері тергеп-тексеру кезінде жазатайым оқиғаның мән-жайы, орын алу себебі, оқиға орны мен жұмыс берушінің құжаттары зеределенді. Оқиға куәларынан түсініктеме мен сауалнамалар алынды.
Тергеп-тексеру нәтижесімен оқиға еңбек қызметіне байланысты немесе еңбек қызметіне байланысты емес жазатайым оқиға ретінде сыныпталады.
Сондай-ақ, тергеп-тексеру барысында жұмыскерлерге еңбек заңнамасы талаптары түсіндіріліп, қойылған сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1271851?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді