
Үржар аудандық АСК-ының 07.07.2026 жылғы №12 қаулысымен бекітілген «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиясы мүшелерін және сайлау процессінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Жоспарына» сәйкес ағымдағы жылдың 5-тамызында аудандық АСК-ы учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерімен «Сайлау науқаны барысында жиі кездесетін қателіктерді талдау және олардың алдын алу, оқыту жұмыстарының қорытындысын шығару» тақырыбында онлайн форматта оқыту семинары өткізілді.
Оқумен ауданның УСК-ының төрағалары, орынбасарлары және хатшылары, барлығы 129 адам қамтылды.Тақырыпқа сәйкес УСК-ы мүшелері ҚР сайлау туралы 1995 жыл №2464 Конституциялық заңына енгізілген түзетуллер мен өзгерістермен таныстырылды. Өткен сайлаулларда жіберілген қателіктер мысалдарына талдау жүргізілді және олардың алдын алу мәселелері пысықталды. Оқыту семинары УСК мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берумен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar/press/news/details/1272175?lang=ru

Жауап қалдыру