
Абай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Үздік көше – 2025» байқауы өтті.
Жарыстың мақсаты – тұрғындардың өз көшесін абаттандыруға, ортақ іске белсенді атсалысуына және елді мекеннің көркеюіне үлес қосуына ынталандыру.
Байқау қорытындысы бойынша Қарауыл ауылындағы Ораз Құтжанов көшесінің тұрғындары «Үздік көше – 2025» аталымының жеңімпазы атанды. Қазылар алқасы көшенің тазалығы, тұрғындардың ұйымшылдығы мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуы бойынша бағалады.
Жеңімпаз атанған тұрғындар көшені одан әрі көркейтіп, балаларға қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстарын білдірді. Тұрғындардың ұсынысы қолдау тауып, Ораз Құтжанов көшесіне жаңа балалар ойын алаңы салынды. Жаңа алаң балалардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуіне мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1272537?lang=ru

Жауап қалдыру