
Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев «Құрылысшы» шағынауданында кварталішілік жылу желілерін жаңғырту жобасының жүзеге асырылу барысын тексерді. Мұнда жалпы ұзындығы 8,8 шақырым құбыр ауыстырылады. Жылу инфрақұрылымын қайта құруға «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 1,8 млрд теңге қаржы қарастырылды.
Ауыспалы жоба 2026-2027 жылдарды қамтиды. Биыл 4,4 шақырым құбыр тартылады. Жұмыстар кестеге сәйкес атқарылып жатыр. Облыс әкімі жобының жүзеге асырылу барысын оң бағалап, маңызын атап өтті.
– Өңірде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2025-2026 жылдары жылумен жабдықтау саласына 6,2 млрд теңге қаражат бөлінді. Осы нысанды да жаңғырту – уақыт талабы. Жаңартылған инженерлік желілер халық игілігіне ұзақ уақыт қызмет етері сөзсіз. Стратегиялық жобалар сапалы әрі уақытылы аяқталуы тиіс, – деді Нариман Төреғалиев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1272058?lang=ru

Жауап қалдыру