
Ақтауда БАҚ өкілдеріне жасанды интеллекттің қыр-сырын игеруге бағытталған семинар басталды
Ақтау қаласында «Жасанды интеллект: заманауи құралдар, қауіпсіздік және медиада тиімді қолдану» тақырыбында БАҚ өкілдеріне арналған екі күндік семинар басталды. Іс-шара Маңғыстау облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Оқыту семинарында жасанды интеллект құралдарын кәсіби қызметте тиімді пайдалану, ақпарат дайындау және контент жасау үдерісін жеңілдету, сондай-ақ жаңа технологияларды қауіпсіз қолдану мәселелері қамтылады.
Семинар спикері – маркетолог, TikTok сарапшысы Санжар Жүнісов. Ол қатысушыларға жасанды интеллекттің негізгі мүмкіндіктерін таныстырып, заманауи құралдармен жұмыс істеу тәсілдерін көрсетуде. Сонымен қатар медиада қолдануға болатын AI платформалары, тиімді промпт құрастыру, мәтін, фото және бейнематериал әзірлеуде жасанды интеллектті пайдалану жолдары түсіндіріліп отыр.
Екі күнге жоспарланған семинарға 35 маман қатысып отыр. Оқу барысында қатысушылар теориялық білім алып қана қоймай, жасанды интеллект құралдарын тәжірибе жүзінде қолданып көреді.
-Бүгінде жасанды интеллект ақпарат саласының ажырамас құралына айналып келеді. Сондықтан журналистер мен баспасөз хатшыларының жаңа технологияларды дұрыс әрі қауіпсіз қолдану дағдыларын қалыптастыру – маңызды міндет. Негізгі мақсатымыз – мамандарға жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды үйретіп, олардың күнделікті жұмысын жеңілдетуге көмектесу», – деді Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлмира Балғожаева.
Семинар соңында қатысушылар жасанды интеллект құралдарын медиада тиімді пайдалану, ақпараттың дұрыстығын тексеру және цифрлық қауіпсіздік бойынша практикалық дағдыларын жетілдіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1272457?lang=ru

Жауап қалдыру