
Астанада Бөгенбай батыр даңғылының Ш. Уәлиханов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі учаскесінде орташа жол жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 11-31 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1272538?lang=ru

Жауап қалдыру