Дәрілік затты сатып алмас бұрын NAQTY ONIM арқылы тексеріңіз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дәрілік затты сатып алмас бұрын NAQTY ONIM арқылы тексеріңіз

Қазақстанда азаматтарға дәрілік заттардың заңдылығын, таңбалануын және белгіленген бағасын тексеруге мүмкіндік беретін NAQTY ONIM цифрлық сервисі қолжетімді.

Сатып алушы дәрілік заттың қаптамасындағы Data Matrix кодын қосымша арқылы сканерлеп, препараттың атауы, өндірушісі, тіркеу деректері және таңбалау мәртебесі туралы ақпарат ала алады. Сондай-ақ дәрілік заттың жеткізу тізбегіндегі қозғалысын қадағалауға мүмкіндік бар.

Сервис арқылы препараттың мемлекет белгілеген шекті бөлшек сауда бағасын да тексеруге болады. Егер дәріханадағы баға белгіленген шекті деңгейден жоғары болса, азамат тиісті цифрлық құралдар арқылы ақпаратты уәкілетті органдардың қарауына жолдай алады.

NAQTY ONIM – дәрілік заттың қауіпсіздігі мен заңды айналымын бақылауға азаматтардың қатысуына мүмкіндік беретін заманауи цифрлық құрал.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-shymkent/press/news/details/1272252?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді