
ҰҚК Шекара қызметі ақша қаражатын елден заңсыз алып шығуға жол бермеу бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.
Тек осы жылдың 1-10 тамызы аралығында өткізу пункттерінде осындай 70 әрекет анықталып, жалпы сомасы 645 млн теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықталды.
Жекелеген жағдайлардың бірінде Жамбыл облысындағы «Қордай» автомобиль өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында шетел азаматында киімінің астына жасырылған 70 000 АҚШ доллары (32 550 000 теңге баламасында) анықталды.
Көрсетілген фактілер бойынша материалдар процесcуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органға берілді.
ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сомадан (10 мың АҚШ долларынан аспайтын) жоғары қолма-қол ақша қаражатын республика аумағынан тыс жерге алып шығуға тыйым салынатынын еске салады.
ҰҚК баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/1272021?lang=ru

Жауап қалдыру