Хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Ақмола облысы Бұланды ауданы Алтынды ауылдық округінің тұрғындары!

Азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Алтынды ауылдық округі әкімдігінде халықтың қолданыстағы және талқылауға ұсынылған нормативтік құқықтық актілермен танысуына мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар «Құқық кабинеті» немесе «өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» құрылды.

«Құқық кабинеті», «өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, соның ішінде: «Әділет» АЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov», «e-Өтініш» жүйесі, «ZanKomegi» жүйесі, «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділікпен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті компьютерлік және оргтехникалармен жабдықталған.

Құрметті Алтынды ауылдық округінің тұрғындары!

Құқықтық мәселелер туындаған жағдайда, Сіздер Құқық кабинетін пайдалана аласыздар.

Мекенжайы: Алтынды ауылы, Т. Қакишева көшесі, 14.

Жұмыс уақыты: 09:00-ден 18:30-ға дейін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-bulandy-altyndy/press/news/details/1271983?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді