«Көліктегі құқық бұзушылыққа жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 10–14 тамыз аралығында Түркістан станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында «Көліктегі құқық бұзушылыққа жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолаушылардың қауіпсіздігін күшейту және теміржол көлігі нысандарында заңдылықты сақтау.

Іс-шара аясында жолаушылар пойыздары мен теміржол вокзалдарында қоғамдық тәртіптің сақталуына бақылау күшейтілді. Сонымен қатар көші-қон заңнамасын, қоғамдық орындарда жүріп-тұру қағидаларын және теміржол көлігін пайдалану талаптарын бұзудың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Көліктегі полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін ескертуде.
Түркістан станциясындағы КПб азаматтарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және теміржол көлігі объектілерінде қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстануға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1272120?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді