
2025 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық ұйым лицензия алуға міндетті.
Лицензия алу үшін ұйым белгіленген талаптарға сай болуы керек. Ол үшін ұйым өрт және санитариялық қауіпсіздік талаптарын сақтап, кедергісіз орта қалыптастыруы, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, білікті мамандарды жұмысқа тартуы керек.
Бүгінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 600-ден астам ұйым лицензия алды. Олар 100 мыңнан астам азаматқа қызмет көрсетіп келеді.
Алайда мемлекеттік бақылау лицензия берумен ғана шектелмейді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы қалай қамтамасыз етіледі? Қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысы кейін қалай бақыланады? Бұл туралы толық ақпаратты бейнероликтен көре аласыз.
https://www.instagram.com/reel/Db3FfZQAiTb/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1272011?lang=ru

Жауап қалдыру