
✅ Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік әдеп нормаларын сақтау және Әдеп кодексінің талаптарын орындау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау кезінде әдептілік танытуы, азаматтармен қарым-қатынас барысында сыпайылық пен құрмет сақтау, дөрекілікке, сондай-ақ азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бойынша тиісті ұсынымдар берілді. Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау, қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындау қажеттігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-vko/press/news/details/1272307?lang=kk

Жауап қалдыру