
Шығыс Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментінің еңбек заңнамасының басшысы – әдеп жөніндегі өкілі Қ. Ерғазиновтың бастамасымен мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары туралы жиналыс өтті.
Жиналыста мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және халыққа сапалы қызмет көрсету мәдениетін қалыптастыру жайында айтылды.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтауы, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы, қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындауы туралы айтылды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқына қойылатын талаптар мен қызметтік әдеп қағидаттарының маңыздылығы түсіндірілді.
Жиын соңында қатысушыларға мемлекеттік қызметшінің беделі мен кәсіби мәдениеті оның күнделікті іс-әрекетінен көрінетіні айтылып, әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметтің сапасы мен халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырудың маңызды негізі екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1271985?lang=ru

Жауап қалдыру