
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі тарапынан 2026 жылғы 1 сәуірден бастап балалардың білім беру-сауықтыру ұйымдарының қызметін міндетті лицензиялау енгізілді.
Лицензиялаудың негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, демалысы мен сауықтырылуын сапалы ұйымдастыру, санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын, сондай-ақ ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету.
Осыған байланысты Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті балалардың маусымдық білім беру-сауықтыру орталықтарында лицензиялау алдындағы бақылау жұмыстарын жүргізді.
Бақылау барысында:
🔹 балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарының сақталуы;
🔹 материалдық-техникалық базаның белгіленген талаптарға сәйкестігі;
🔹 қажетті ғимараттар, үй-жайлар, жабдықтар мен құралдардың болуы;
🔹 санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы;
🔹 медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
🔹 балалардың тұруына, демалуына және бос уақытын тиімді өткізуіне жасалған жағдайлар;
🔹 педагог кадрлармен қамтамасыз етілуі бағаланды.
Департамент білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және балалардың маусымдық білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметін жүзеге асыру кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1272318?lang=ru

Жауап қалдыру