ӨТІНІШТЕРГЕ – НАҚТЫ ЖАУАП, МӘСЕЛЕЛЕРГЕ – ЖҮЙЕЛІ ШЕШІМ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың ұсыныс-өтініштерін тыңдады.
 
✅ Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді ортаға салып, олардың шешілуіне қатысты ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, жер қатынастары, жер учаскелеріне қатысты құжаттар, елді мекендердің шекарасын өзгерту және инженерлік инфрақұрылым мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар Көксәйек, Бірінші Мамыр, Тасарық, Қасқасу, Жоғарғы Ақсу және Алатау ауылдық округтерінің тұрғындары өз өтініштерімен жүгінді.
 
✅ Әрбір азаматтың мәселесі мұқият тыңдалып, заң аясында шешу жолдары қарастырылды. Қажетті  бөлімдер мен ауылдық округ әкімдіктерінің жауапты мамандарына тиісті тапсырмалар беріліп, көтерілген мәселелердің орындалуы бақылауға алынатыны айтылды.
 
🌿 Жеке қабылдау – тұрғындар мен билік арасындағы тікелей байланысты нығайтудың маңызды тетігі. Азаматтардың талап-тілегін тыңдап, мәселесіне нақты жауап беру – мемлекеттік қызметтің негізгі міндеттерінің бірі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1272442?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді