ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті құрылыс саласының ардагерлері мен мамандары!
⚜️ Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
 
🇰🇿 Құрылыс – мемлекетіміздің өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы стратегиялық маңызы зор салалардың бірі. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына құрылыс саласының қосып отырған үлесі зор.
 
✅ Бүгінде Төлеби ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының көлемі 7 миллиард теңгеге жетіп, 26 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – құрылыс саласы мамандарының тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесі.
 
🌿 Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесінде бой көтерген әрбір нысан – ел игілігіне қызмет ететін маңызды жоба.
Жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың салынуы ауданымыздың сәулеттік келбетін жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға жол ашуда.
 
⚜️ Барша құрылыс саласының мамандарына еңбектеріңізге табыс, қолға алған жобаларыңызға сәттілік тілеймін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін!
 
🌿 Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Құрылысшылар күні құтты болсын!
 
Төлеби ауданының әкімі
Еркеғали Әлімқұлов

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1272050?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді