Шығыс Қазақстан облыстық сотында Жоғары Сот Кеңесі өкілдерінің өңір судьяларымен және Сот әкімшілігінің аумақтық департаменті қызметкерлерімен кезекті көшпелі кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Жоғары Сот Кеңесі өкілдерінің өңір судьяларымен және Сот әкімшілігінің аумақтық департаменті қызметкерлерімен кезекті көшпелі кездесуі өтті

Іс-шара Жоғары Сот Кеңесінің судьялар корпусын қалыптастыру тетіктерін жетілдіру, кадрлық рәсімдердің ашықтығы мен айқындығын арттыру, сондай-ақ Сот төрелігі академиясының білім беру мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруға бағытталған жүйелі жұмысы аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Салтанат Жүніспекова Кеңес қызметінің негізгі бағыттары, бос судья лауазымдарына конкурстық іріктеу тәртібі және кадр резервін қалыптастыру тетіктері туралы баяндады.

Кеңес Аппараты басшысының орынбасары Лаура Құрмантаева судьялыққа кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын және іріктеу кезеңдерінен өтудің ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді.

Өз кезегінде Сот төрелігі академиясының ректоры Қанат Мусин Академияның өзекті білім беру бағдарламаларын таныстырып, болашақ судьяларды даярлау және қызметтегі судьялардың біліктілігін арттыруда қолданылатын инновациялық тәсілдерге тоқталды.

Көшпелі іс-шара бағдарламасы азаматтарды жеке қабылдаумен жалғасты. Оның барысында Кеңес өкілдері біліктілік емтиханын тапсыру және судья лауазымына орналасу конкурстарына қатысу мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме берді.

Іс-шара ашық пікірталаспен қорытындыланып, оның аясында қатысушылар сот жүйесін дамытудың перспективалық бағыттарын және судьялар корпусын кадрлық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылап, пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1272026?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді