
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мамандары Абай күніне орай ақын шығармаларын оқуды қолға алды. Атом энергетикасы объектілерін және қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалануды мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының ұжымы Абай Құнанбайұлының туған күніне орайластырылған мәдени-ағартушылық шараны жүзеге асыруға кірісті. Қызметкерлер жұмыстан тыс уақытта хакімнің кітаптарын оқып, өшпес рухани мұрасымен танысуды бастады.
Негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін насихаттау, бос уақытты мазмұнды өткізу және ұлы ойшылдың философиялық еңбектерін терең түсіну. Аталмыш сала мамандары кәсіби міндеттермен қатар рухани дамуға да мән беруде. Абай мұрасына ден қою дүниетанымды кеңейтіп, отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерін нығайта түседі. Ұжым мүшелері бұл іс-шараны жалғастырып, ұлы ақынның өсиеттерін күнделікті өмірде басшылыққа алуды дәстүрге айналдырмақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1272886?lang=ru

Жауап қалдыру