Абай облысында патрульдік полиция қызметкерлері мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне жол қауіпсіздігін түсіндірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Профилактикалық жұмыстар аясында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мектеп-интернатына барып, тәрбиеленушілер үшін жол қауіпсіздігіне арналған қауіпсіздік сабағын өткізді.

Кездесуге 50-ге жуық оқушы қатысып, олар жол қозғалысы ережелерін сақтау, көшеде қауіпсіз жүріп-тұру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша маңызды ақпарат алды.

Патрульдік полиция қызметкерлері балаларға жолдың жүру бөлігінен тек белгіленген жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өту, бағдаршам талаптарын сақтау, жолдан өтер алдында екі жаққа мұқият қарау қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар түнгі уақытта жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыратын жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдаланудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерімен еркін пікір алмасты.

— Аға, патрульдік көлікте қандай арнайы құралдар болады? Оларды қандай жағдайда қолданасыздар? — деп сұрады оқушылардың бірі.

 

— Бұл көлікте қызмет барысында қажет болатын арнайы жабдықтар бар. Ең басты міндетіміз — қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ал сіздер үшін ең маңыздысы — жол ережесін күнделікті өмірде қатаң сақтау, — деп жауап берді патрульдік полиция батальонының қызметкері.

Балалардың ерекше қызығушылығын патрульдік автокөлік тудырды. Оқушылар көліктің арнайы жабдықтарымен танысып, оның қызметтік мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтарын қойды. Кездесу соңында оқушылар полиция қызметкерлерімен естелікке суретке түсіп, өз әсерлерімен бөлісті.

Патрульдік полиция қызметкерлері мұндай кездесулердің балалар арасында жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Тәрбиелік мәні бар профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің жолдағы жауапкершілігін арттырып қана қоймай, полиция қызметкерлерімен ашық қарым-қатынас орнатып, оларға деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1272975?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді