
Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл М.Музатова мен Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау бойынша өкілі А.Абдоловтың қатысуымен «Адам құқығы ең жоғары демократиялық құндылық» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарын нығайту.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарының негізгі кепілдіктері, сондай-ақ оларды қорғаудың құқықтық тетіктері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, адам құқықтарын сақтау мен қорғау бағытындағы өзекті мәселелер қаралып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1272768?lang=ru

Жауап қалдыру