
Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Даумов Ташкентте өткен Азия чемпионатының жеңімпазы Рахым Қожағалиевті қабылдады.
Армрестлингтен ел намысын халықаралық деңгейде абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсетіп, чемпионға аудан басшысы – Сізді аудан тарихында тұңғыш рет армрестлингтен Азия чемпионы атануыңызбен осында қатысып отырған әріптестер мен барша бөкейліктер атынан шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – өзіңіз үшін ғана емес, ауданымыз үшін де үлкен мәртебе. Халықаралық деңгейдегі додада ел намысын абыроймен қорғап, Азия чемпионатында жеңіске жету – табандылықтың, қажырлы еңбектің және спортқа деген адалдықтың нәтижесі.
Сіздің бұл жетістігіңіз ауданымыздағы жас спортшыларға үлкен үлгі болады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегендей, биік мақсатқа ұмтылып, үздіксіз дайындықтың арқасында осындай нәтижеге қол жеткізіп отырсыз. Сондай-ақ Сіз тәрбиелеген шәкірттеріңізде байрақты бәсекелерде биік белестерді бағындырып келеді. Бұл жұмыс пен маңдай тердің жемісі деп білемін.
Ташкентте өткен жарыста туған жеріміздің атын асқақтатып, көк туымызды халықаралық аренада желбіреткеніңіз үшін алғыс айтамын. Алдағы уақытта да жеңісті жолыңыз жалғасып, әлемдік додаларда Қазақстанның көк байрағын биіктен желбірете беруіңізге тілектеспін, деген ыстық лебізін білдіріп, ауылдас ағасына демеушілік көрсеткен Р.Мұхамбетшин ұсынған тұлпарды аудан басшысы бөкейліктердің атынан мінгізді.
Өз кезегінде, Рахым Берегенұлы Азия чемпионатында топ жарып, ел қоржынына алтын жүлде салған спортшы өз дайындығы мен жарыс барысы туралы айтып берсе, қабылдауға қатысушы жерлестерде өздерінің ақжарма тілектерін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1273296?lang=ru

Жауап қалдыру